Жетісайда піскен қарбыз Ресейге жөнелтіліп жатыр
klau.club
bai-bol.kz | 13 маусым, 2024
Өнімнің артуына ағын суды үнемдеу мақсатында енгізілген тамшылатып суару әдісі сеп болған
Түркістан облысының Жетісай ауданында піскен алғашқы қарбыз Ресейге жөнелтіле бастады.
Түркістан облысы әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, ерекше күтімді қажет ететін «Виктория» қарбыз сорты сәуір айының басында Атамекен ауылдық округіне отырғызылған.
Қажетті агротехникалық шаралардың дер кезінде жасалуының нәтижесінде пісіп-жетілген қарбыздан ойдағыдай өнім алынады деп жоспарланып отыр. Ағын суды үнемдеу мақсатында енгізілген тамшылатып суару әдісі де өнімнің артуына септігін тигізді, - делінген хабарламада.