Hyundai компаниясының сырттағы ең ірі зауыты Қостанайда салынып жатыр

Hyundai компаниясының сырттағы ең ірі зауыты Қостанайда салынып жатыр carsweek.ru
bai-bol.kz bai-bol.kz | 13 маусым, 2024

Оған 200 млн доллар инвестиция тартылады

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Hyundai Motor Group компаниясының атқарушы вице-президенті Ким Донг Вукпен кездесті. Оның аясында Қазақстанда автокөлік өнеркәсібін дамытудың негізгі мәселелері қаралды.

Кездесу барысында тараптар шетелдік инвестордың Қазақстан Үкіметі жүргізіп отырған локализация саясатына белсенді қатысуын талқылады.

Айта кетсек, компания Қостанайда автокөлік шығаратын зауыт құрылысын былтыр жыл соңында бастаған болатын. Оған 200 млн доллар инвестиция тартылады.

Жылына 70 мың автокөлік шығаратын зауыт Оңтүстік Кореядан тысқары елдегі алғашқы ірі өндіріс орны болмақ. Зауыт 1,5 мың адамды, ал бір-бірімен байланысты салаларды есепке алғанда, 2 мыңға жуық адамды жұмыспен қамтамасыз етеді деп болжанып отыр.

Қорытындылай келе, қос тарап жобаны табысты іске асыруға және өзара ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға сенім білдірді.