Астаналық кәсіпкерлер салыққа табысының 2 пайызын ғана ұстауды сұрады
bai-bol.kz
bai-bol.kz | 10 маусым, 2024
Бұл 2 пайыз – халықаралық тәжірибе
Астаналық кәсіпкерлер әкімдіктен бөлшек салық режимін жылдам енгізуді сұрады. Айтуыларынша, бұл жүйе ыңғайлы әрі әр кәсіпкердің табысын ашық көрсетуге мүмкіндік береді.
Мысалы, қазір еліміздің бірқатар өңірінде кәсіпкерлер табысының 2 пайызын мемлекетке салық ретінде төлеп отыр. Ал Астана мәслихаты 3 пайызға дейін ғана түсірген. Сала мамандары да, депутаттар да міндетті төлем көлемі азайса, жергілікті бюджеттің кірісі, керісінше, өседі деп отыр.
Бұл 2 пайыз – халықаралық тәжірибе. Біз соған түсуіміз керек. Оған түсіп, сауда орындары, базарлар барлығы көлеңкелі экономикадан шығатын болса, онда бюджет одан 2 есе пайда көруі мүмкін, - деді Мәжіліс депутаты Олжас Құспеков.