Қазақстандық жүк тасымалдаушылар Балтық елдеріне кіруге рұқсат алды
Бұл Қазақстан мен Еуропа елдері арасындағы тауар айналымының өсуіне ықпал етеді
Көлік министрі Марат Қарабаев Балтық елдерімен халықаралық жүк тасымалы бойынша уағдаластыққа қол жеткізді.
Қазір Еуропа елдеріне өту үшін рұқсат бланкіне қажеттілік күрт өсті. Латвия, Литва және Эстониядан алынған рұқсат бланкілерінің 70%-дан астамы қазақстандық тасымалдаушыларға берілді. Латвия 6 мың, Эстония 800, Литва 3 мың рұқсат бланкісін бермек, - деді министр.
Оның айтуынша, биыл Балтық елдері беретін рұқсат бланкісінің саны шамамен 29 мыңға жеткен.
Бұл – рекордтық көрсеткіш. Бұрын мұндай болмаған. Қосымша рұқсат бланкісі санының артуы Қазақстан мен Еуропа елдері арасындағы тауар айналымының өсуіне, сондай-ақ тасымалдау құнының төмендеуіне ықпал етеді, - деді Марат Қарабаев.
Айта кетсек, биыл қазақстандық тасымалдаушылар Латвиядан 18 мың, Эстониядан 2,4 мың, Литвадан 8 мың рұқсат бланкісін алған.