«Жер телімін сұрайды». Бізде тағы 37 шетелдік компания жұмыс істегісі келеді
Қазір құны 1,5 миллиард доллардан асатын inDrive, TikTok сияқты 41 компания бар
Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Құдайбергенов қанша шетелдік компанияның өз өндірістік базасын Қазақстанға көшіруді жоспарлап отырғанын айтты.
Біздің тізімде 30-дан астам елден 400-ге жуық компанияның нақты нәтижелері бар. Бүгінде құны 1,5 миллиард доллардан асатын inDrive, TikTok сияқты 41 компания бар. Тағы 37 компания бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Олардың қандай компаниялар екенін әзірге айта алмаймыз. Жұмыстың қорытындысы бойынша қосымша ақпарат беріледі, - деді вице-министр.
Оның айтуынша, бұл жұмыстарды жыл соңына дейін аяқтау жоспарланған.
Жылдың аяғына дейін дәл 37 компания болады деп айта алмаймын. Мүмкін азырақ, бәлкім одан да көп шығар, бірақ жыл соңына дейін біз мұны іске асырамыз. Яғни бұл жерде жұмыс әр компанияға жеке жүргізіледі. Шартты түрде кейбір компания тек жер телімін, басқалары преференциялар, жеңілдіктер және т.б. сұрайды. Сондықтан бұл жұмысты салалық мемлекеттік органдар, инвестициялық комитет, қазақстандық инвесторлар атқарып жатыр, - деді Бауыржан Құдайбергенов.
Оның айтуынша, «көшуді» жоспарлап отырған алпауыттар өңдеуші өнеркәсіппен, IT-компаниялармен, сонымен қатар тау-кен өнеркәсібіндегі компаниялармен айналысады.