Алматыда әлеуметтік салаға 726 млрд теңге бөлінеді
zhaikpress.kz
bai-bol.kz | 9 маусым, 2024
Бұл – қала бюджеті шығыстарының 44,7%-ы
Алматының алдағы 3 жылға арналған бюджетінде әлеуметтік салаға 726 млрд теңге бөлу көзделген.
Қала әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Алматыда 2022 жылдың аяғында әлеуметтік саланың бюджеті 506,4 млрд теңге болса, 2023 жылы қарашада 665 млрд теңгеге дейін өсті. 2024 жылы әлеуметтік салаға 726 млрд теңге бөлу жоспарланған. Бұл – Алматы қаласы бюджет шығыстарының 44,7%-ы.
Қала басшылығы әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға және модернизациялауға, білім беру және денсаулық сақтау қызметтерінің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға ерекше назар аударылатынын айтты.