Алматылық ғалымдар байытылған құрама жем-шөп қоспасын жасап шығарды
Енді олар ит-мысық және балықтың бағалы тұқымдарына арналған азық әзірлемек
С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті ветеринария ғылымдарының кандидаты, профессор Юрий Балджидің жетекшілігімен мал мен құсқа арналған байытылған экструдталған құрама жем және жем-шөп қоспалары әзірленді. Ол жобаны Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым қоры қолдады.
Байытылған экструдталған құрама жемдер мен жем-шөп қоспаларын пайдалану ас қорыту үдерісіне, метаболизмге және жануарлар мен құстардың жалпы денсаулығына оң әсер етеді. BioFeed-P фитобиотикалық жем-шөп қоспасын қолдану тауықтардың санын барынша сақтауға мүмкіндік береді, – деп хабарлады Ғылым және жоғары білім министрлігі.
BioFeed сериялы байытылған экструдталған жем ет, сүт және жұмыртқа өнімділігінің жоғарылауына сеп. Қойлардың орташа тәуліктік салмағы 0,2-ден 0,5 келіге дейін, бордақылау бұқаларынікі 1,580 келіге дейін (+35-40%) барады. Ешкілердің сүті 34,2% көбейеді. Бұл ретте май мөлшері 4,7%, СОМО 3,4%, тығыздығы 10,2%, лактоза 4,4% артады.
Маститпен ауыратын сиырларда байытылған экструдталған жем-шөп қоспаларын беру кезінде сүт өнімділігі деңгейінің азаюы – 5,4%, бақылау тобында – 33,7%, қалпына келтіру пайызы – 4 есе жоғары. Ал бөдененің жұмыртқа өнімділігі 4,1% артады.
NFT-KATU ЖШС-нің шығарылатын өнім желісі биожолақтар түріндегі аралар варроатозымен күресуге арналған препараттарды қосу, иттерге, ал болашақта мысықтарға және балықтың бағалы тұқымдарына арналған азық дайындау арқылы кеңейді.
Қазір фермерлер осы байытылған экструдталған құрама жемге қызығушылық танытып отыр. Сондықтан өнімдер нарықта сәтті сатыла бастаған.