Көпбалалы отбасыларға 116,6 млрд теңге жәрдемақы берілді

Көпбалалы отбасыларға 116,6 млрд теңге жәрдемақы берілді bai-bol.kz
bai-bol.kz bai-bol.kz | 9 маусым, 2024

Төлем мөлшері бала санына қарай есептеледі

Биыл алғашқы 4 айда көпбалалы отбасыларға 116,6 млрд теңге жәрдемақы берілді.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, жыл басынан бері көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақымен орта есеппен 577,4 мың отбасы қамтылған.

Бұл мемлекеттік жәрдемақыға 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан үміткер бола алады. Төлем мөлшері бала санына қарай есептеледі.

2024 жылы:

  • 4 баласы бар отбасыға – 16,03 АЕК немесе 59 183 теңге;
  • 5 балаға – 20,04 АЕК немесе 73 988 теңге;
  • 6 балаға – 24,05 АЕК немесе 88 793 теңге;
  • 7 балаға – 28,06 АЕК немесе 103 598 теңге;
  • 8 және одан да көп баласы бар отбасыларға – әр бала үшін 4 АЕК немесе 14 768 теңгеден төленеді.

Айта кетсек, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап балалы отбасыларға тағайындалатын мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері 7% артқан. Нәтижесінде биыл көпбалалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы төлеуге 474,8 млрд теңге қарастырылып отыр.