14 жастағы бала 99,8 млн теңге тіккен: Roblox ойынынан заңсыз казинолар табылды

14 жастағы бала 99,8 млн теңге тіккен: Roblox ойынынан заңсыз казинолар табылды YouTube
bai-bol.kz bai-bol.kz | 19 желтоқсан, 2024

Roblox – күнделікті 80 миллион белсенді пайдаланушысы бар әлемдегі ең танымал ойындардың бірі

Қазақстандық балалар арасында танымал Roblox ойыны заңсыз онлайн казино ұйымдастырды деп айыпталды. Тергеу дерегіне сүйенсек, Roblox 12 жастағы балаларды құмар ойындарға итермелейтін ойын платформаларының желісін ашқан, деп хабарлады Sky News

Ұлыбританияның құмар ойындар комиссиясы тергеу нәтижелеріне сүйеніп тергеуді бастап, «қылмыстық» сайттарға қатысты шара қолданды.

Заңсыз онлайн казинолар кәмелетке толмағандарды құмар ойындар әлеміне тарту үшін танымал Roblox платформасын пайдаланады. Бұл балаларға өз деректерін пайдаланып, тіркелуге және ойын валютасы – Robux-қа ставкалар қоюға мүмкіндік береді. Әуелі ұтыстарды криптовалютаға айналдырып, сосын нақты ақшаға айырбастауға болады. 

Sky News басылымы АҚШ-тың 14 жастағы жасөспірімімен сұхбаттасқан. Ол шамамен 15 миллион Robux (99,8 миллион теңге) тіккенін айтқан. 

Анам мені тоқтатуға тырысты, бірақ өзімді тоқтата алмадым. Көбірек ақша тігіп, көбірек ұтыс алу адреналиніне еніп кеттім, - дейді бала.

Жасөспірім ақша тігу арқылы өзінің қылмыстық құқықбұзушылық жасап жатқанын түсінбеген.

Тергеу үш негізгі казиноға бағытталған: BloxFlip, Bloxmoon және RBLXWild. Олар ай сайын шамамен 2,8 миллион пайдаланушыны тартады. Нәтижесінде миллиондаған доллар ставкаларды өңдейді.

Bloxmoon казиносы 2022 жылы іске қосылғаннан бері пайдаланушылар 11,4 миллионнан аса доллар жоғалтқанын байқайды. Деректер жарияланғаннан кейін BloxFlip және басқа да казинолар жұмысын тоқтатты.

Roblox заңгерлік тобы платформаны жабуға мәжбүр етті, – деп жазды казиноның ресми өкілі.

Roblox өкілдері мұндай казиноларды платформа қолдамайды немесе мақұлдамайды деп жауап берді. Компания заңсыз сайттармен күресу үшін құқық қорғау органдарымен белсенді жұмыс істейді.

Дегенмен сарапшылар мұндай ойынханалардың балаларға үлкен қауіп төндіретінін атап өтті. Өйткені оларды реттелмеген және қорғау тетіктері жоқ деп санайды. Кей жағдайда құмар ойындарға тартылған жасөспірімдерде өзіне қол жұмсау қаупі артады және күрделі психологиялық проблемаларды бастан кешіреді. 

Жанжал салдарынан 5 баланың ата-анасы Roblox-қа қарсы топтық шағым түсірген. Олар компанияны немқұрайлылық үшін айыптап, бұл мәселе жөнінде 2022 жылдан бері білетіндерін, бірақ жеткілікті шара қолданбағанын жеткізген. 

Айта кетсек, Roblox – күнделікті 80 миллион белсенді пайдаланушысы бар әлемдегі ең танымал ойындардың бірі. Оны қолданушылардың 42%-ы – 12 жасқа дейінгі балалар.