Экономист қазақстандықтарға жаңа үйлерден пәтер алмауға кеңес берді

Экономист қазақстандықтарға жаңа үйлерден пәтер алмауға кеңес берді bai-bol.kz
bai-bol.kz bai-bol.kz | 20 желтоқсан, 2024

Әрлеу және импорттық тауарлардың бағасы көтерілуі мүмкін

Экономист Эльдар Шамсутдинов қазақстандықтарға алдағы айларда жаңа үйлерден пәтер сатып алмауға кеңес берді.

Сарапшы пікірін өзінің «Комментарий» Telegram-арнасында бөлісті.

Бастапқы тұрғын үй нарығы қызып тұр, құрылыс салушылар сұранысты белсенді түрде ынталандырып отыр. Алдағы айларда алғашқы нарықтан үй сатып алмауды ұсынамын. Ірі қалалардағы екінші нарық сатып алушылар үшін анағұрлым тиімді, - деді Эльдар Шамсутдинов.

Оның пікірінше, негізгі құрылыс материалдары (бетон және қиыршық тас) Қазақстанда өндірілетіндіктен, доллар бағамының көтерілуі баспана құнына әсер етпейді. Әрлеу және импорттық тауарлардың бағасы көтерілуі мүмкін. Бұл тұрғын үй құнына айтарлықтай әсер етпесе де пәтер жөндеуді қымбаттатады. Мұндай жағдайларда екінші нарық сатып алушылар үшін тиімдірек болады.

Сарапшы кейбір құрылыс компанияларының қосымша құн салығынан (ҚҚС) босатуды алып тастау тұрғын үй бағасының күрт өсуіне себеп болады деген сөздерін жоққа шығарды. Айта кетсек, 2025 жылы қабылданады деп жоспарланған жаңа Салық кодексінің жобасында құрылыс компанияларын пәтерлерді сату кезінде 12 пайыздық мөлшерлеме бойынша ҚҚС төлеуге міндеттеу ұсынылған болатын.

Бағаның 12%-ға өсуі екіталай. ҚҚС тек құрылыс компаниясының маржасына әсер етеді. Құрылыс бағасы 800 млн теңге болып, 1 млрд теңгеге сатылған жағдайда ҚҚС әсері шамамен 2,4% (24 млн теңге) болады, – дейді Эльдар Шамсутдинов.