Ел халқының қайырымдылық қорларына қаражат бөлу нәтижесі өте нашар

Ел халқының қайырымдылық қорларына қаражат бөлу нәтижесі өте нашар bai-bol.kz
bai-bol.kz bai-bol.kz | 17 желтоқсан, 2024

Орталық Азия елдері арасында Өзбекстан көш бастап, 45-орынға тұрақтады

Британдық Charities Aid Foundation қайырымдылық қоры құрастырған World Giving Index-2024 рейтингі бойынша, Қазақстан халықтың жомарттығы бойынша әлемдік рейтингте 124 елдің ішінде 113-орынға ие болған. Қор мәліметінше, бұл – соңғы 10 жылдағы ең нашар нәтиже.

Рейтингтегі позиция мына үш параметр негізінде қалыптасады:

  • ел тұрғындары бейтаныс адамға қаншалықты тегін көмек көрсетуге дайын;
  • адамдар қайырымдылыққа қаншалықты жиі ақша береді;
  • волонтерлік ұйымдарға қанша уақыт бөледі.

Мәселен, Орталық Азия елдері арасында Өзбекстан көш бастап, 45-орынға тұрақтады. Алайда ол ел де былтыр 36-орында еді.

Қалған Орталық Азия елдері жаһандық тізімде мына орындарға ие болды:

  • Тәжікстан – 62 орын (2023 жылы 24 орын);
  • Қырғызстан – 64 орын (2023 жылы 34 орын);
  • Қазақстан – 113 орын (2023 жылы 107 орын).

Ал Түркіменстан рейтингке кірмеді. Ол елдің позициясының төмендегенін экономикалық жағдаймен байланыстыруға болады. 

Бұл ретте Индонезия 7 жыл қатарынан рейтингтегі ең жоғары орынды иеленді. Ол елдің халқының жағдайы жақсы болмағанымен, жомарт секілді.

Рейтингте Қазақстаннан төменде Әзербайжан (119), Армения (124) және Ауғанстан (135) тұр.