Соғым FEST: елордаға 4 өңірдің фермерлері 100 тоннадан аса ет әкелді
Ұсынылып отырған өнімдер базар бағасынан 15-20 пайыз арзан
Астанаға 4 өңірдің фермерлері 100 тоннадан аса ет әкелді, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.
Соғым FEST жәрмеңкесінде Ақмола, Павлодар, Абай және Шығыс Қазақстан облыстары фермерлерінің өнімдері ұсынылды.
Koktal сауда орталығымен бірлесіп, соғым Fest фестивалін ұйымдастырып отырмыз. Соғым Fest-тің өтіп жатқанына екінші апта болды. Ал ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі 6 аптадан бері ұйымдастырылып келеді. Жәрмеңкеге 30 фермер қатысып отыр. 100 тоннадан аса соғым еті әкелінді. Ал ұсынылып отырған өнімдер базар бағасынан 15-20 пайыз арзан, - деді инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы азық-түлік қауіпсіздігі бөлімінің бас маманы Нұрдәулет Қосман.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі мен соғым Fest фестивалін өткізу – жергілікті өндірушілер үшін тұтынушылармен тікелей байланыс орнатуға тамаша мүмкіндік.