Салықтан босатылған Назарбаев университеті 73 млрд теңгені тиімсіз жұмсаған

Салықтан босатылған Назарбаев университеті 73 млрд теңгені тиімсіз жұмсаған Тұрар Қазанғапов
bai-bol.kz bai-bol.kz | 11 желтоқсан, 2024

Енді бұл ЖОО ақылы негізде білім алушылар санын ұлғайтуды жоспарлап отыр

Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Әлихан Смайылов Назарбаев университеті қазір қаржылық есеп ұсынбайындықтан бақылаусыз екенін және онда жасырын қызметке жағдай туғанын айтты.

Бұл көбінесе тиімсіз немесе мақсатсыз пайдаланылатын қаражат пен активтерді басқаруда елеулі кемшіліктерге әкеледі, - деді палата төрағасы.

Оның айтуынша, университет әлі күнге дейін мемлекеттік бюджетке тәуелді болып келеді. Өйткені онда зерттеулер мен коммерциялық қызметтерден түсетін жеке кірістер жетіспейді.

Соңғы 2 жылда ғана оқу орнының барлық түсімдерінің 97%-ы бюджет қаражатын қамтыды, - деп атап өтті Әлихан Смайылов.

Өйткені ол оқу орны әлі де ерекше мәртебеге, бұрын-соңды болмаған дербестікке және салықтық жеңілдіктерге ие.

Содан кейін университеттің баспасөз қызметі өздерінің 2017 жылдан 2023 жылға дейінгі қызметіне Жоғары аудиторлық палатаның мемлекеттік аудит жүргізгенін растады.

Аудит барысында анықталған қаржылық бұзушылықтар бюджеттік бағдарлама шеңберінде студенттердің жол жүруі бойынша өтемақыны және мемлекеттік шәкіртақыларды есептеуге байланысты және университеттің академиялық және ғылыми қызметіне қатысы жоқ. Аудиторлық есепке сәйкес, университет және оның ұйымдары белгіленген тәртіппен Жоғары аудиторлық палатасының ұсынымдарын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірледі. Ол бойынша тиісті жұмыс жүргізіліп жатыр. Жоғарыда аталған жоспардың орындалу барысы туралы ақпаратты университет Жоғары қамқоршылық кеңес пен Қамқоршылық кеңеске тұрақты негізде енгізіп отыратын болады, - делінген хабарламада.

Енді университет басшылығы жаңа білім беру бағдарламаларын ашуды, ақылы негізде білім алушылар санын ұлғайтуды, жасанды интеллект жөніндегі және өзге де ғылыми жобаларды іске асыруды жоспарлап отырған көрінеді.