Министр Түркістанда ішімдік сатуға тыйым салу ұсынысына пікір білдірді

Министр Түркістанда ішімдік сатуға тыйым салу ұсынысына пікір білдірді basnews.kz
bai-bol.kz bai-bol.kz | 18 желтоқсан, 2024

Туристер, әсіресе, шетелдіктер келсе, олар да еркін демалуы керек

Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров Түркістанда ішімдік ішу және сатуға тыйым салу туралы депутаттар ұсынысына пікір білдірді.

Мен кез келген шектеулерге мұқият қарау керек деп есептеймін. Онда киелі орындар, кесенелер және т.б. бары белгілі. Бірақ қала үлкен, сондықтан бұл жерде мәселе толық тыйым салу туралы емес деп ойлаймын. Адамдар көп баратын жерлерде тыйым салуға болатын шығар, - деді Нұрлан Байбазаров.

Сондай-ақ ол тұрғындардың қалауын да ескеру қажет екенін алға тартты.

Бұл тыйымдар адам көп баратын және киелі орындар орналасқан жерлерге қатысты болады. Дегенмен жалпы қалада басқа аумақтар болса, онда адамдардың қалауы ескерілуі керек. Туристер, әсіресе, шетелдіктер келсе, олар да еркін демалуы керек. Рұқсат етілетін орындар белгіленеді деп ойлаймын, - деді министр журналистерге берген жауабында.

Айта кетсек, Мәжілісте Түркістан қаласына ерекше мәртебе беретін заң жобасы талқыланды. Сол кезде депутат Ардақ Назаров заң аясында қалада азаматтарға арақ ішу мен сатуға тыйым салу туралы ұсыныс айтқан болатын.