Трамп өз командасына тоғызыншы миллиардерді тартып отыр

Трамп өз командасына тоғызыншы миллиардерді тартып отыр Erin Schaff/Getty Images
bai-bol.kz bai-bol.kz | 11 желтоқсан, 2024

Ол 2016 жылғы сайлау науқаны кезінде Трамптың кеңесшісі болған

АҚШ-тың жаңа сайланған президенті Дональд Трамп миллиардер Томас Барракқа АҚШ-тың Түркиядағы елшісі қызметін ұсынды.

Бұған дейін Трамп 8 миллиардерге өз әкімшілігінен қызмет ұсынып үлгерген. Олардың арасында әлемнің ең бай адамы Илон Маск та бар.

Айта кетсек, жылжымайтын мүлік саласындағы инвестор Томас Баррак 2016 жылғы сайлау науқаны кезінде Трамптың кеңесшісі болған. Ал биыл АҚШ президентін сайлау 5 қарашада өтті. Саяси науқанда республикашыл Дональд Трамп вице-президент Камала Харристі жеңді. Оның инаугурациясы 2025 жылы 20 қаңтарда өтеді. Оған дейін Трамп 8 миллиардерге (Илон Маск, Джаред Айзекман, Вивек Рамасвами, Джаред Кушнер, Уоррен Стивенс, Линда Макмэн, Говард Лютник және Келли Леффлер) өз әкімшілігінен орын ұсынған. Олардың бәрінің ортақ байлығы 340 миллиард доллардан асады.