300-ге жуық кәсіпорында жұмысшыларға 4,4 млрд теңге жалақы төленбеген

300-ге жуық кәсіпорында жұмысшыларға 4,4 млрд теңге жалақы төленбеген bai-bol.kz
bai-bol.kz bai-bol.kz | 9 желтоқсан, 2024

Жалпы, 33 мыңнан аса жұмысшының еңбек құқығы қорғалды

Биыл 1 желтоқсандағы жағдай бойынша, мемлекеттік еңбек инспекторлары 277 кәсіпорынның 18,7 мың жұмысшыға жалақы бойынша 4,4 млрд теңге берешек екенін анықтады. Сонымен қатар, түрлі ұйымдарда 7,5 мыңнан аса еңбек құқығы бұзылған.

Жалақы бойынша берешегі бар кәсіпорындардың басшыларына орындауға міндетті 249 ұйғарым берілді және 50,3 млн теңгеден аса айыппұл салынды.

Қабылданған шаралардың, оның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеудің нәтижесінде 17,5 мыңнан аса жұмысшының құқығы қорғалды. Оларға 3,4 млрд теңге төленді.

Сондай-ақ еңбек заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету мәселелері Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ерекше бақылауында.

1 желтоқсандағы дерек бойынша, мемлекеттік еңбек инспекторлары 5 039 тексеру жүргізген. Сол кезде 7 583 бұзушылық анықталған.

Оның ішінде:

  • еңбек саласында – 5 723;
  • еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша – 1 793;
  • халықты жұмыспен қамту бойынша – 67.

Жұмыс берушілерге 2 998 ұйғарым беріліп, 371 млн теңге сомасына 3 359 әкімшілік айыппұл салынды.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде 33 мыңнан аса жұмысшының еңбек құқығы қорғалды.