Енді ломбардтан алған қарыз да несие, ипотека рәсімдеуге кедергі болады

Енді ломбардтан алған қарыз да несие, ипотека рәсімдеуге кедергі болады ivanovo.ldpr.ru
bai-bol.kz bai-bol.kz | 7 желтоқсан, 2024

Ломбард несиелік бюроларға жұрттың берешегі туралы ақпарат беруге міндетті

Қаржы нарығын реттеу агенттігі банктердің қарыз алушының төлем қабілетін анықтау үшін барлық қаржылық деректерін тексеретінін мәлімдеді. Соның нәтижесінде енді ломбардтан алынған қарыз несие немесе ипотека рәсімдеуге кедергі болуы мүмкін.

Сонымен, алимент, айыппұл, микронесиелер және ломбардтан алған қарыз болса, сұраныс мақұлданбай қалады. Сол себепті кепілдікке бағалы зат қабылдап, ақша беретін ломбард несиелік бюроларға қазақстандықтардың берешегі туралы ақпарат беруге міндетті.

Кепілге салынған мүлікті сату кезінде ломбардтағы заттарды кепілге беру туралы шарт бұзылады. Бұл ретте қарыз алушының міндеттемелері жойылады. Қарыздың тоқтатылғанын кепілдікті сату актісі немесе оны ломбардтың меншігіне айналдыру туралы шешім және қарызды өтеу туралы анықтама сияқты құжаттар растайды, – деді Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің басқарма басшысы Бағдат Зәуірбеков.