Депозиттердің желтоқсан айындағы сыйақы мөлшерлемесі жарияланды

Депозиттердің желтоқсан айындағы сыйақы мөлшерлемесі жарияланды bai-bol.kz
bai-bol.kz bai-bol.kz | 7 желтоқсан, 2024

Толықтыру құқығымен және толықтыру құқығынсыз салымдардың айырмашылығы бар

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры 2024 жылдың желтоқсан айында депозиттер бойынша жеке тұлғалардың белгіленген сыйақы мөлшерлемесі бар жаңадан тартылған депозиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесін жариялады, деп хабарлады Қазақпарат.

Аталған қордың мәліметтеріне қарағанда, толықтыру құқығымен мерзімді салымдар, оның ішінде жинақ салымдар:

  • 1 айға – 14 пайыз;
  • 6 айға – 17 пайыз;
  • 12 айға – 14,3 пайыз;
  • 24 айға – 8,2 пайыз;
  • 24 айдан асса – 8,9 пайыз.

Толықтыру құқығынсыз мерзімді салымдар, оның ішінде жинақ салымдар:

1 айға – 15,4 пайыз;

6 айға – 18,7 пайыз;

12 айға – 16,6 пайыз;

24 айға – 13,5 пайыз;

24 айдан асса – 11,5 пайыз.