Декларация тапсырмаған 68 мың адамның шоты бұғатталды
bai-bol.kz
bai-bol.kz | 5 желтоқсан, 2024
Тапсырып үлгермегендерге олқылықтың орнын толтыруға 30 күн беріледі
Мал-мүлкін көрсетіп, салықшыларға есебін бермегендер енді еркін сауда жасай алмайды. Мемлекеттік кірістер комитеті декларация тапсырмаған 68 мыңнан аса адамның есепшотын бұғаттап тастады.
Еске сала кетсек, 1 қаңтар мен 16 қыркүйек аралығында декларация тапсыруға 4 миллион 800 мың адам міндеттелген болатын. Алайда олар тиісті мерзімді ескермеген. Кірісі туралы есеп беретіндердің қатарында кәсіпкерлер де бар. Бірақ декларация тапсырған соң шотты қайтадан ашуға болады.
Салықшылар декларация тапсыру тәртібін түзеген 17,5 мың адамның шотын қайта ашқан. Яғни декларация тапсыруға үлгермеген азаматтарға 30 жұмыс күнінің ішінде олқылықтың орнын толтыруға мүмкіндік берілді. Ал оған да мән бермегендердің шоты толық жабылады.