«Қазпошта» АҚ басшысы өзінің қанша жалақы алатынын айтты

«Қазпошта» АҚ басшысы өзінің қанша жалақы алатынын айтты bai-bol.kz
bai-bol.kz bai-bol.kz | 4 желтоқсан, 2024

Бірінші кезекте ауылдардағы пошташылардың жалақысын көтеремін, - дейді ол

«Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасова Мәжілісте өткен баспасөз мәслихатында өзінің қанша жалақы алатынын жасырған жоқ.

Айтуынша, басқарма төрағасы айына 1,2 миллион теңге алады. Сондай-ақ ол басқа ұлттық компаниялардың топ-менеджментінің жалақысы бірдей деңгейде екенін атап өтті.

Қазпоштада дағдарысқа қарсы жоспар бар. 2023 жылы аз ғана пайда таптық. Сондықтан сыйақы мен бонустар алуға мүмкіндігіміз жоқ. Жаңа жылға сыйақы болмайды. Бес жылдық жоспарымыз бар. Бес жылдың ішінде пошта қызметі аяғынан тік тұрып, жоспарды орындасақ, оны қарастыруымыз мүмкін. Қазір ұят болды, мен үшін лауазымым емес, поштаның ұстанымы бірінші орында тұр. Көтерсек, бірінші кезекте ауылдардағы пошташылардың жалақысын көтеремін, оларға үстемақы төлеймін, – деді Әсел Жанасова.

Оның айтуынша, былтыр компания қызметкерлеріне үш рет, биыл екі рет сыйақы берілген.