Министр бай санатында болу үшін не істеу керектігін айтты

Министр бай санатында болу үшін не істеу керектігін айтты bai-bol.kz
bai-bol.kz bai-bol.kz | 22 қараша, 2024

Қай жерде жақсы табыс табуға болатыны да жарияланады

Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров «Қазақстанда кімді бай деп санауға болады?» деген сұраққа жауап берді. Бұл ретте журналистерді Қазақстан азаматы өзін бай санатына жатқызу үшін қанша табыс табуы керектігі қызықтырған еді.

Ел бойынша орташа жалақы туралы мәліметтер бар. Қай жерде жақсы табыс табуға болатыны да жарияланады. Жалақы тұрғысынан бұл мұнай-газ, қаржы саласында. Кәсіпкерлікпен айналысатындар жөнінде ештеңе айта алмаймын. Бізде ең төменгі күнкөріс деңгейі бар, содан төмен тұратын санаттағы адамдарға көмек көрсетіледі. Бай санатына кіру әр адамға байланысты. Ол үшін Қазақстандағы орташа жалақыдан жоғары жалақы алу керек, - деді министр.

Сонымен қатар ол мемлекеттің міндеті көмекке мұқтаж топтарға көмектесу және жұмыспен қамту шараларын қолға алу екенін айтты.

Тағы да қайталап айтамын, ең төменгі әлеуметтік стандарттар бар. Ең төменгі жалақы – 85 мың теңге. Адам көбірек жұмыс істеуге талпынуы керек. Сол кезде көп табыс табуға мүмкіндігі болады, - деді Нұрлан Байбазаров.