«Бәйтерек» компаниясының отандық тауарлар үлесін арттыруы қажет - Бектенов

«Бәйтерек» компаниясының отандық тауарлар үлесін арттыруы қажет - Бектенов kapital.kz
bai-bol.kz bai-bol.kz | 7 маусым, 2024

Мемлекеттік қолдауға ие кәсіпорындар елішілік құндылықты үнемі алға шығарып отыруға тиіс

Премьер-министр Олжас Бектенов «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ директорлар кеңесінің отырысында компания саясатын қайта қарауды тапсырды.

Айта кетсек, былтыр холдингтің еншілес ұйымдары экономиканың шикізаттық емес салаларының кәсіпорындарына 2,8 трлн теңге көлемінде қолдау көрсеткен. Бұл – алдыңғы жылмен салыстырғанда, 45 пайыз артық көрсеткіш.

Сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілеріне жатпайтын 71 мыңнан астам компания мен ұйымға 2,5 трлн теңге көлемінде қолдау көрсетілген. Ал АӨК саласын қаржыландырудың жалпы көлемі 665,2 млрд теңге болған. Холдингтің қолдау шараларының арқасында 6 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылып, 3,8 трлн теңгенің өнімі шығарылған.

Осы бір құлаққа жағымды жалпы есепті тыңдап болғаннан кейін Үкімет басшысы «Бәйтерек» компаниясының сатыпалым ережелерін отандық тауарлардың үлесін түбегейлі арттыру жағына қарай қысқа мерзімде қайта қарауы қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар мемлекеттік қолдауға ие болған кәсіпорындардың елішілік құндылықты үнемі арттырып отыруға тиістігі ескертілді.

Егер біз кәсіпкерге қолдау көрсетер болсақ, ол Қазақстанда қазір импорттап отырған тауарлардың өндірісін жолға қою, жұмысшылардың еңбек өнімділігі мен жалақы деңгейін арттыру, қосалқы мердігерлер немесе жеткізушілер ретінде отандық кәсіпорындарды тарту сияқты қарсы міндеттемелерді де өзіне алуға тиіс, - деді Олжас Бектенов.