Қазақстан аймақтарында құс етінің бағасы қанша?

Қазақстан аймақтарында құс етінің бағасы қанша? ашық дереккөз
bai-bol.kz bai-bol.kz | 5 қазан, 2024

Дәл қазір импортқа қарағанда экспорт 3 есе аз

Жыл ішінде ет және ет өнімдерінің бағасы 3,6% көтерілді. Алайда қазақстандықтар одан бас тартқан емес. Соның ішінде тауық еті сұранысқа ие. Оған не себеп және аймақтарда құс етінің бағасы қанша екенін Кazinform тілшісі анықтап білген.

Қазақстан нарығында құс етіне деген сұраныс артып келеді. Соның ішінде дұрыс тамақтануға бет бұрған адамдар арасында тез қортылатын етті тұтынатындар көбейді. Олар ас мәрізіне тауықтың төс етін қосады. Арықтауды мақсат еткен адамдар да осы жолды таңдайды. 

Тауық – ең көп тараған ет түрі. Дәмді ғана емес, бағасы да өзгелерге қарағанда төмен. Ас әзірлегенде де тез піседі, пайдалы. 

Тауық етін тасымалдауға келер болсақ, дәл қазір импортқа қарағанда экспорт 3 есе аз. Тауық еті көбіне Ресейден тасымалданады. Ұлттық статистика бюросының хабарлауынша, 2024 жылдың қаңтар айынан шілдеге дейін елімізден бағасы 43 млн АҚШ доллары болатын 25 мың тонна құс еті экспортталды. Ал Қазақстан 1 млрд АҚШ доллары болатын 72 мың тонна құс етін импорттады.

Енді ел аймақтарындағы құс етінің бағасын саралайық. Көбіне адамдар тауықтың төс етін, қанаты мен сан етін тұтынады.

Олардың аймақ базарларындағы бағасы мынадай: