Жемқорлық фактісін хабарлаған шымкенттіктер 9 млн теңге сыйақы алды

Жемқорлық фактісін хабарлаған шымкенттіктер 9 млн теңге сыйақы алды zakon.kz
bai-bol.kz bai-bol.kz | 4 қазан, 2024

Көтермелеу қаржысы кінәлілерге сот үкімі шығарылғаннан кейін беріледі

Шымкентте сыбайлас жемқорлық әрекеттері туралы құзырлы органдарға дер кезінде хабар жеткізген 5 азаматқа 9 миллион теңгеге жуық сыйақы берілді.

Олардың осы әрекетінен соң жең ұшынан жалғасқан қылмыстардың жолы кесіліп, сот кінәлілерге қатысты шешім шығарды.

Мамандардың айтуынша, қала тұрғындары жемқорлықпен күресте жыл сайын белсенділік танытып келеді. Мәселен, былтыр 7 ақпарат берушінің арқасында оңай олжа тапқысы келгендер қолға түскен.

Айта кетсек, бір жолғы ақшалай сыйақы ұсынылған пара сомасының 10 пайызын қамтиды. Көтермелеу қаржысы кінәлілерге сот үкімі шығарылғаннан кейін беріледі. Сонымен қатар ақпарат берушілер туралы мәліметтер ешқайда жарияланбайды, құпия сақталады.