Астана базарында жалған мөрмен өткізген ет заңсыз сатылып отырған
Өнімдерге ешқандай зертханалық зерттеулер жүргізілмеген
Астанада полиция қызметкерлері ІІМ криминалдық полиция департаментінің үйлестіруімен қала базарларының бірінде етті кедергісіз өткізу мақсатында жалған мөрді пайдалану фактісінің жолын кескен. Ұсталған сатушыдан жеке тінту кезінде ветеринариялық бақылаудан өткені туралы малға мөр басуға арналған «алдын ала тексеру» жалған мөрі тәркіленді.
Ұсталған адамның АШМ ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің инспекциясына ешқандай қатысы жоқ екендігі және зертханалық зерттеулер жүргізілмегені анықталды.
Мөрді бір айдан аса уақыт бойы қолдана отырып, ол базарда ет сатуға рұқсат беру үшін әкелінген ет өнімдерін «тексеруден» өткізген.
Қазір АШМ ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің аумақтық инспекциясына хабарламалар жіберіліп, оған ет өнімдерін сату бойынша нарық қызметін тексеру бойынша тиісті шаралар қабылданып жатыр.
Ұсталған адамға және базар әкімшілігіне қатысты мал ұрлығына және ұрланған етті сатуға қатысы бар болу мүмкіндігін анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері мен жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр.