Дубайдан қымбат пәтер алған қазақтарды құзырлы органдар тексереді

Дубайдан қымбат пәтер алған қазақтарды құзырлы органдар тексереді bai-bol.kz
bai-bol.kz bai-bol.kz | 17 қыркүйек, 2024

Пәтер құны ең кемінде 500 млн теңге тұрады

Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов Дубайдан қымбат пәтер сатып алған қазақтарды құзырлы органдардың тексеретінін айтты.

Айта кетсек, Мәжілісте депутат Ринат Зайытов ауқатты қазақстандықтардың шетелден қымбат жылжымайтын мүлік алғанын жеткізген болатын.

Сіздер көрген шығарсыздар. Дубайда 3 мыңға жуық пәтері бар қазақтар анықталды. Пәтер құны ең кемінде 500 млн теңге тұрады. Осы шетелде жылжымайтын мүлкі бар адамдарға неге салық қарастырылмаған, неге оларға салық салынбайды? - деді депутат.

Оған жауап ретінде Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов бұл мәселені құзырлы органдар тексеретінін атап өтті.

Бізден «Басқа елдерден неге салық өндіріп алмайсыз?» деп сұрап жатырсыз. Біріншіден, «Мүліктің пайда болуы заңды ма, заңсыз ба?» дегенді қазір Бас прокуратура жанындағы Активтерді қайтару жөніндегі комитет өзінің жұмысына пайдаланады деп ойлаймын. Бұл біздің олигархтардың меншігі немесе заңсыз, қылмыстық жолмен табылған мүлік болуы мүмкін. Оны құқық қорғау органдары тексереді, – деді министрдің орынбасары.

Екіншіден, мүлік салығы тұрғылықты жері бойынша өндіріледі. 

Мысалы, бізден Дубайдың азаматы пәтер сатып алса, оның салығын БАӘ сұрамайды. Оны біз сұрап аламыз. Сондықтан салық тұрғылықты жері бойынша өндіріледі. Егер ауылда үйіңіз болса, сіз салықты сол ауданның бюджетіне төлейсіз, - деп түсіндірді вице-министр.