Эйнштейннің Рузвельтке жазған хаты аукционда 4 миллион долларға сатылды

Эйнштейннің Рузвельтке жазған хаты аукционда 4 миллион долларға сатылды cool-readers.ru
bai-bol.kz bai-bol.kz | 15 қыркүйек, 2024

Сатылған лот – ядролық зерттеулер туралы хаттың екінші, қысқа нұсқасы

10 қыркүйекте физик Альберт Эйнштейннің АҚШ президенті Франклин Рузвельтке жазған хаты Christie ' s аукционында 3,992 миллион долларға сатылды.

Аукцион үйінің мәліметі бойынша, хатта ғалым американдық басшылыққа фашистік Германияның ядролық зерттеулерінің басталуы туралы ескерткен. Нақты айтқанда, Эйнштейн өзінің әріптесі Лео Силардпен бірге Америка Құрама Штаттарының 32-ші президентіне Германияның өте күшті бомбалар жасау қаупі туралы хабарлады. Құжаттың түпнұсқасы қазір Нью-Йорктегі президенттік кітапханада сақтаулы.

Сатылған лот – ядролық зерттеулер туралы хаттың екінші, қысқа нұсқасы.

Эйнштейн хатының бұрынғы иесі Microsoft корпорациясының негізін қалаушы Пол Аллен болды. 2002 жылы ол баспагер және саясаткер Малкольм Форбстан хатты 2,1 миллион долларға сатып алған. Ол кезде бұл ХХ ғасырдың ең қымбат тарихи құжаты болды.