1,8 млн қазақстандық 85 мың теңге жалақы алады
bai-bol.kz
bai-bol.kz | 12 қыркүйек, 2024
Оның 361 мыңы – азаматтық жұмысшылар
Қазақстанда 1,8 млн адам ең төменгі жалақы – 85 мың теңгеге күнкөріп отыр. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова айтты.
Статистикаға жүгінсек, елімізде 1,8 млн азамат ең төменгі жалақы – 85 мың теңгені алып жүр. Оның ішінде шамамен 361 мың адам – азаматтық жұмысшылар, - деді министр.
Сондай-ақ ол АӘК (атаулы әлеуметтік көмек) алушылардың саны азайғанын жеткізді.
2023 жылдың соңында 571 мың азамат атаулы әлеуметтік көмек алса, қазір бұл көмекті алатындардың саны 380 мыңнан асты, - деді Светлана Жақыпова.