Тамақтану орындарындағы түскі ас әжептәуір қымбаттады
yandex.com
bai-bol.kz | 11 қыркүйек, 2024
Фастфуд өнімдерінің бағасы орташа алғанда 12,4% көтерілген
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2024 жылдың тамызында қоғамдық тамақтандыру қызметтері бағасының айтарлықтай өсуі байқалады. Ол бір жыл ішінде орта есеппен 9,4% өскен.
Мысалы, мейрамханадағы түскі ас 10,3%, асханадағы түскі ас 9,6% қымбаттады. Фастфуд өнімдерінің бағасы орташа алғанда 12,4% көтерілген.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, былтыр Қазақстанда 5 383 асхана, 4 479 дәмхана және 2 303 мейрамхана болған.