Салық берешегі бар борышкердің банктегі шоты толық бұғатталмайды

Салық берешегі бар борышкердің банктегі шоты толық бұғатталмайды dzen.ru
bai-bol.kz bai-bol.kz | 3 қыркүйек, 2024

Қарызды бөліп төлеуге мүмкіндік берген жөн, - деді президент

Салық саласында әкімшілендіру ісінде жазалау тәсілінен бас тартқан абзал. Бұл туралы Қазақстан халқына Жолдауында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

Жеке табыс салығының мөлшерлемесін азаматтардың кірісіне қарай дифференциациялау қажеттігі туындап отыр. Салықтық әкімшілендіру ісінде жазалау тәсілінен де бас тартқан абзал. Мәжбүрлеу шараларын қолданбай-ақ, хабарлама жіберу арқылы өндірілетін салық берешегінің жоғарғы шегін көтеруге болады деп ойлаймын, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысының сөзіне қарағанда, салық берешегі осы шектен асып кетсе, қарыз сомасы аясында ғана шектеу қойылуға тиіс.

Яғни, борышкердің банктегі есепшоты толық бұғатталмайды. Берешек сомасы тым көп болған жағдайда кепілге мүлік қоюды талап етпей, қарызды бөліп төлеуге мүмкіндік берген жөн. Жоспарға сай тексеру тәсілінен біржола бас тартуға тырысу керек. Ол үшін қатерлердің алдын алу жүйесін жетілдіру қажет, - деді президент.