Apple қыркүйекте iPhone-ның жаңа моделін ұсынатын болды

Apple қыркүйекте iPhone-ның жаңа моделін ұсынатын болды i-mart.com.ua
bai-bol.kz bai-bol.kz | 26 тамыз, 2024

Топтама сатылымға 20 қыркүйекте шығады

Apple қыркүйектің 10-ында iPhone, Apple Watch және AirPods-тың жаңа сериясын таныстыруы мүмкін, леп хабарлады Bloomberg.

Су жаңа iPhone-ның тұсаукесері нақты қашан болатыны әзірге белгісіз. Бірақ дереккөздерге сенсек, компания салтанатты іс-шараны сейсенбі күнге жоспарлап отыр.

Бұл жаңа өнімдер таныстырылған соң, топтама сатылымға 20 қыркүйекте шығады. 

Компания көпшілікке iPhone 16 және iPhone 16 Pro моделін таныстырмақ. Сондай-ақ бұл жаңа iPhone телефондарының дизайны iPhone 15-ке ұқсауы мүмкін. Бірақ фотосуреттер мен бейнелерді түсіруге арналған жағында жаңа сыйымдылық түймесі сияқты жаңартулар болады деген болжам бар.