Челлендж: Нұрлан Қоянбаев бірден 2 тонна қарбыз сатып алды (ВИДЕО)

Челлендж: Нұрлан Қоянбаев бірден 2 тонна қарбыз сатып алды (ВИДЕО) bai-bol.kz
bai-bol.kz bai-bol.kz | 16 тамыз, 2024

Ол жұртты осындай еңбекқор жандарды қолдауға шақырды

Актер әрі продюсер Нұрлан Қоянбаев Түркістан қаласына жақын жол жиегінде қауын-қарбыз сатып тұрған келіншектің жанына тоқтады. Ол өз жағдайы және сауда қарқынын сұрап, сатушымен бірнеше минут әңгімелесті.

Саудаңыз жүрсін! Сізге қолдау білдіргім келіп тұр. Айтыңызшы, мына сатып тұрған қарбаздарыңыздың барлығы қанша тұрады? - деді Нұрлан Қоянбаев.

Содан кейін ол келіншектің жеке карточка нөміріне 200 мың теңге аударып жіберді. Бұдан бөлек, арнайы видео түсіріп, жұртты осындай еңбекқор жандарды қолдауға шақырды.

Бүгін 2 тонна қарбыз сатып алдық! Жақсылық жасап жарысайық, - деп жазды актер Instagram-дағы парақшасына.