«Қаржылық сауат 0 болды». Дина Төреәлі 7 млн теңгесін бір аптада жұмсап тастаған
Сонымен қатар ол 3 миллион теңге қарызға кірген
Блогер Дина Төреәлі қаржылық сауатының жоқтығы салдарынан ақшасын орынды жұмсацй алмаған. Айтуынша, ол 7 миллион теңгені бір уақытта жаратып тастаған.
Маған сыйлыққа берген көлікті сатып жібергенмін. Содан түскен 7 млн теңгені бір аптада құртып тастадым. Негізі күліп айтатын нәрсе емес. Ол кезде жаспын. Қаржылық сауат 0 болды. Осы жерде адамның жағдайы да маңызды ғой. Адам егерде 200 мың теңгені дұрыс басқара алмаса, оған миллиондар қайдан келсін? – деп жазды Дина Төреәлі Instagram-дағы парақшасына.
Сонымен қатар ол 3 миллион теңге қарызға кіргенін де еске алды.
Алға мақсат қойсам, қайтпайтын әдетім бар. Тәуекел етуден қорықпаймын. Сол кезде де тәуекел етіп, балалар киімі дүкенін ашқанмын. Ағамның қыздарын модель етіп, суретке түсіретінмін. Бір қызықты естеліктер. Есіме түссе, жүрегім жылып қалады. Өкінбеймін. Үлкен сабақ алдым. Сонымен бұл кәсібіме ойым да дайын болмаған. Бірден 3 млн теңгеге минусқа кеттім, – дейді блогер.