Көшпенділер ойындарында 10 гектар жерге этноауыл орналасады
Еліміздің 200-ден аса қолөнершісі өз өнімдерін ұсынады
Астанада 8-13 қыркүйек аралығында өтетін үниежүзілік көшпенділер ойындары мәдениет пен дәстүрдің нағыз іс-шарасы болмақ, деп хабарлады елорда әкімдігі.
Дүниежүзілік көшпенділер ойындары бағдарламасы аясында театрлар шеруін, Суретшілер одағы жұмыстарының көрмесін өткізу жоспарланып отыр.
Этношатырда сән көрсетілімдері ұйымдастырылады.
Күн сайын таңертеңнен кешке дейін басты сахнада концерттік бағдарламалар өтеді, оның соңы кешкі гала-концертке ұласады. Этнофольклорлық ансамбльдер, Қазақ ұлттық оркестрлері, солистер мен би ұжымдары дәстүрлі этникалық стильде өнер көрсетеді.
Этноауылда туристер мен қонақтар дәстүрлі және ұлттық тағамдардан дәм татуға болатын қазақ ұлттық тағамдарының мейрамханалары ұсынылады.
Этноауыл шамамен 10 гектар жерге орналасады және мынадай бірнеше орынға бөлінеді:
- Орталық алаң;
- ұлттық ойындарға арналған балалар ойын алаңы;
- халық музыкасына арналған шатыр;
- ашық аспан астындағы көшпелі өркениеттер мұражайы;
- спорттық іс-шаралар;
- ұлттық тағамдар;
- басты сахна;
- аймақтардың этно-қоныстары.
Сондай-ақ этноауыл аумағында көптеген кәдесый табуға болатын нағыз шығыс базары ұйымдастырылады. Еліміздің 200-ден аса қолөнершісі өз өнімдерін ұсынады. Оның ішінде қолөнершілер ұлттық бұйымдарды жасау тәсілдерін көрсетеді. Сол сияқты зергерлік бұйымдар, былғары өңдеу, керамикалық мүсін бойынша шеберлік сыныптары өтеді.
Іс-шараға әлемнің 89 елінен 2 мыңға жуық қатысушы келеді деп күтіліп отыр.
Астанада өтетін Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында спорттың 21 түрінен 97 медаль жиынтығы ойналады.
Толық ақпаратты мына сілтеме бойынша алуға болады: https://worldnomadgames.kz/ru.