Қазақстандық ғалымдар жоңышқаның жаңа түрін ойлап тапты

Қазақстандық ғалымдар жоңышқаның жаңа түрін ойлап тапты АШМ
bai-bol.kz bai-bol.kz | 1 тамыз, 2024

Ол аязға да, құрғақшылыққа да төзімді

Қарабалық ауылшаруашылық тәжірибе станциясының селекционерлері жоңышқаның «Қарабалық інжуі» атты жаңа түрін ұсынды. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлады.

Қазір мамандар көпжылдық зерттеулер нәтижесінде шығарылған бұл гибридті жаңа сорттың сапасын жоғары бағалап отыр.

Алдағы уақытта шаруа қожалығы иелерінің жоңышқаның жаңа түрін қолдану арқылы ауа райының қолайсыздығына қарамай, мол өнім алуына мүмкіндік туды. Ғалымдар жоңышқаның бұл түрін «Славян» және «Қарабалық 18» сорттарын будандастыру арқылы шығарды. Өсімдік орташа маусымдық санатқа жатады, – делінген министрлік хабарламасында.

Гүлдену басталғанға дейінгі вегетациялық кезең небәрі 64 күнді қамтиды. Ал тұқымның толық жетілуіне шамамен 107 күн қажет. 1 гектар жерден 191 центнерге дейін жасыл масса, 69 центнер шөп және 2,3 центнер тұқым алуға болады.

«Қарабалық інжуі» аязға әрі құрғақшылыққа бейімделген. Сондай-ақ түрлі ауру мен зиянкесткерге төзімді. Ғылыми зерттеулер көрсеткендей, жоңышқаның бұл түрі көктем мезгілінде ерте өсе бастайды. Осының арқасында шаруа қожалықтары оған қазірдің өзінде үлкен қызығушылық танытып отыр.