Нұрлан имам TikTok-тан 2 мың доллар пайдаға кенелді

Нұрлан имам TikTok-тан 2 мың доллар пайдаға кенелді коллаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев
bai-bol.kz bai-bol.kz | 11 шілде, 2024

Оны мобилограф Қыран Талапбек айтпаса, өзі білмей жүре берген

Белгілі дінтанушы, имам Нұрлан Байжігітұлы TikTok әлеуметтік желісі арқылы алғашқы табысын тапты.

Оған желі арқылы қаражат табуға болатынын танымал мобилограф Қыран Талапбек айтқан.

Құрметті достар, Нұрлан имаммен жолығып отырмыз. Бұл кісі TikTok арқылы ақша табуға болатынын білмей жүр екен. Осы күнге дейін 2 мың АҚШ долларын жинапты. Шынымен де балансы осындай суммаға жеткенін білмеген. Өзі білмеген соң кіріп көрсем, ақшасы шығып тұр, – дейді мобилограф.

Ойламаған жерден көп ақшаға кенелген дінтанушы оқырмандарын қуантты.

Осыны оқырмандарымның арасында Меккеге ұмра қажылық жолдамасы ретінде менімен бірге баруға сыйлаймын, – деді блогер имам.