Русландар – 54,2 мың, Динаралар – 52,2 мың: несиені көп алатын есімдер аталды
Несие картасы бойынша аз қарыз алғандар – Есімжандар
Бірінші несиелік бюро ең көп қарызы бар есімдер бойынша мәлімет жинапты. Сонымен, бюро мәліметі бойынша, нәтиже мынадай:
Ерлердің ішінде елімізде Азамат есімді 44,8 мың, Серік есімді 42,1 мың, Марат есімді 41,4 мың қарыз алушы бар екен. Серіктер мен Мараттарды трендте деуге болады. Себебі несие бойынша барлық қазақстандық ер қарызгердің қарызы да шамамен 2,5 млн теңгені қамтиды.
Әйелдердің ішінде ең көп қарыз алушылар Динаралар – 52,2 мың. Олар Мәдинадан (39,7 мың) да, Аружаннан да (21,2 мың) алда. Орташа алғанда, ең көп қарыз алған әрбір Динарада шамамен 2,8 миллион берешек бар. Мәдинаның көрсеткіші 2,4 миллион болса, Аружандікі 1 миллионға да жетпейді. Айтпақшы, қазақстандық кез келген қарыз алушы әйел қарызының орташа сомасы шамамен 2,2 миллионға жетеді. Сондықтан Аружанның көзге түсуі таңқаларлық емес.
Ал енді барлық аттастардың ішінде ең көп қарызы барларды бірден атасақ, Русландар жалпы сомасы 148,6 млрд теңгемен көш бастап тұр. Руслан есімді барлығы 54,2 мың қарыз алушы бар болса, олардың әрқайсысы сәйкесінше 2,7 млн теңге қарыз.
Одан бөлек, автокөлік несиелерінде аттастардың жалпы қарызы бойынша рейтингте 1-орындарда толығымен ер есімдері, ипотека бойынша әйелдер тұр.
Несие картасы бойынша аз қарыз алғандар Есімжандар екен. Олардың саны небәрі – 81 және әрқайсысына шаққандағы карта бойынша орташа қарыз сомасы 48,5 млн теңгені қамтиды. Орташа есеппен несие картасы бар 1 Есімжанның қарызы – 180 мың теңгеден аз.