Биылдан бастап кәсіпкерліктің 360-тан аса түріне арнайы салық салынады

Биылдан бастап кәсіпкерліктің 360-тан аса түріне арнайы салық салынады orda.kz
bai-bol.kz bai-bol.kz | 9 маусым, 2024

Тиісті қаулы 15 қаңтарда күшіне енген

Қазақстанда кәсіпкерліктің 364 түріне арнайы салық салынатын болды, деп хабарлады «Атамекен» ҰКП баспасөз қызметі.

Бұған дейін бөлшек салықтың арнайы режимі тізімінде тек 190 қызмет түрі болған еді.

Тауарларды сатуға және жеке тұлғаларға қызмет көрсетуге бағытталған қызметтердің жалпы жіктеуіштерінен басқа, тізімге тауарларды өндіру және қайта өңдеу, жөндеуге байланысты қызмет түрлері, электр монтаждау жұмыстары сияқты қызметтер енгізілді.

Тиісті қаулы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік 10 күннен соң (2024 жылғы 15 қаңтардан бастап) күшіне енді.

Бөлшек салық мынадай мөлшерлеме бойынша төленеді:

  • Тауарды жеке тұлғаларға сатқан кезде – 4%;
  • Заңды тұлғалармен мәмілелер бойынша – 8%.

Бұл ретте мәслихаттарға жеке тұлғаларға сатылатын қызметтер мен тауарларға бөлшек салық мөлшерлемесін 50%-ға дейін төмендету құқығы берілген.