Қазақстанда автокөлік бағасы 12-17% өседі - сарапшы

Қазақстанда автокөлік бағасы 12-17% өседі - сарапшы sportishka.com
bai-bol.kz bai-bol.kz | 9 маусым, 2024

Қытай көліктері қазіргі Қазақстан автонарығының сатылым бойынша көшбасшылары Hyndai мен Chevrolet-ті басып озады, - дейді ол

Алматыда өткен «Қазақстанның автонарығы: аналитика, технологиялар, болжамдар» баспасөз мәслихатында Freedom Finance Global талдаушысы Аңсар Абуев 2024 жылы автокөліктердің бағасы қымбаттайтынын айтты, деп хабарлады Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Айта кетсек, 2023 жылы Қазақстанда 5,09 млн автокөлік тіркелген. Олардың 4,47 миллионы – жеңіл автокөліктер. Жыл басынан бері жеңіл автокөліктер 14,4% өскен десек, бұл – соңғы 10 жылдағы ең жоғары нәтиже.

Аңсар Абуевтің болжамынша, енді көлік бағасы биыл 12-17% қымбаттауға тиіс.

Біз сарапшылар мен тұрғындарға автонарық туралы сауалнама жүргіздік. Сарапшылар көлік бағасы 10-20% өсетінін болжап отыр. Ал біздің болжам: 2023 жылы елдегі инфляцияның 9,8%-ға дейін түскенін ескере отырып, 2024 жылы көлік бағасы 12-17% өседі. Оның басты факторы ретінде Қытай нарығына негізделген сұраныстың сақталуын айта аламыз, - деді сарапшы.

Оның айтуынша, Қазақстанның автонарығындағы, сондай-ақ несиелеу, сақтандыру, автокөлік бөлшектерін сату сияқты ілеспе салалардағы негізгі трендтер қаралып, жалпы ахуал талданған.

Мысалы, 2023 жылғы қаңтар-тамыз айларында Қазақстанда 120,3 мың жаңа жеңіл автокөлік сатылыпты. Бұл – 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, 60,5% көп. Осылайша, былтыр сатылған әрбір төртінші көлік – Қытай көліктері.

Болжам бойынша, Қытайдан келетін барлық көлік маркаларын қосып айтқанда, 2024 жылы олар қазіргі Қазақстан автонарығының сатылым бойынша көшбасшылары Hyndai мен Chevrolet-ті басып озады, - деді Аңсар Абуев.