Биткойн бағамы 100 мың доллардан асты

Биткойн бағамы 100 мың доллардан асты www.fx.co
bai-bol.kz bai-bol.kz | 5 желтоқсан, 2024

Енді ол жыл соңына дейін 120 мың долларға жетуі мүмкін

Биткойн бағасы алғаш рет 100 мың доллардан асты. Қазір 1 биткойн 103 487 долларға тең.

Оның өсуіне криптоинвесторлардың «АҚШ президенті Дональд Трамптың жаңа әкімшілігі осы саланың дамуына қолайлы жағдай жасайды» деген болжамы себеп болған. Сондықтан кейінгі 4 аптада биткойн 45% қымбаттады. Ал жыл басынан бері оның құны 2 есе өскен.

Трамптың кампаниясын криптовалюта қолдаушылары белсенді түрде қолдады. Өзінің либералды ұстанымымен танымал Пол Аткинстің АҚШ Бағалы қағаздар және биржа комиссиясының басшысы болып тағайындалуы, сондай-ақ Трамптың биткойнның ұлттық резервін құру туралы уәдесі инвесторлардың цифрлық активтерге деген сенімін нығайтты.

Сарапшылардың болжауынша, биткойнның ендігі бағасы жыл соңына дейін 120 мың долларға жетуі мүмкін.