Қазақстандықтарға микроқаржы ұйымдарымен келіспей қалғанда көмектесетін институт құрылды

Қазақстандықтарға микроқаржы ұйымдарымен келіспей қалғанда көмектесетін институт құрылды bai-bol.kz
bai-bol.kz bai-bol.kz | 19 желтоқсан, 2024

Ол тәуелсіз арбитр ретінде әрекет етеді

Қазақстанда адамдарға микроқаржы ұйымдарымен келіспеушілік кезінде көмектесетін жаңа омбудсмен құрылды. Ол 21 желтоқсаннан бастап азаматтарға шағын несие беруші өсімқорлармен және коллекторлармен дауларды шешуге көмектеседі, деп хабарлады КТК телеарнасы. 

Омбудсменнің көмегіне тек заңды тұлғалар ғана жүгіне алады. Онда да іс сотқа жетпеген болса. Омбудсменнің шешімі міндетті түрде орындалады. Сондай-ақ қазақстандықтарға омбудсмен тегін қызмет көрсетеді.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі бұл мекеме микроқаржы ұйымдары тарапынан заңнаманы сақтауды реттейтініне сенімді. Бүгінде Қазақстанда осындай 200-ден аса компания жұмыс істейді.

Микроқаржы жөніндегі омбудсменнің негізгі мақсаты – азаматтардың құқығын қорғауды қамтамасыз ету және даулы мәселелерді сотқа жеткізбей реттеуге көмектесу. Ол тәуелсіз арбитр ретінде әрекет етеді, – деді Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қаржы қызметтерін тұтынушылардың құқығын қорғау департаментінің өкілі Ғаділбек Әкім.

Департамент өкілі микроқаржы жөніндегі омбудсменнің құзыретіне сотқа жіберілген немесе заңды күшіне енген сот актілері бар істер кірмейтінін атап өтті.