Биыл әлемде ең көп сатылған көліктердің рейтингі жарияланды
auto.ru
bai-bol.kz | 4 желтоқсан, 2024
Бұған дейін тізімнің алғашқы орнында Tesla Model Y болған
2024 жылдың қаңтар-қазан айлары аралығында әлемде ең көп сатылған көліктердің тізімі жарияланды.
Осы аралықта әлем бойынша 68,8 миллион көлік сатылған. Бұл – 2023 жылдың дәл сол кезеңіндегі көрсеткіштен 1,5%-ға көп, деп хабарлады Stan.kz Focus2Move агенттігіне сілтеме жасап.
Көп сатылған модельдер рейтингінде Toyota Corolla, Tesla Model Y және Toyota RAV4 көш бастап тұр.
Ал алғашқы ондықта мына модельдер бар:
- Toyota Corolla – 901,99 мың сатылым (2023 жылдың қаңтар-қазан айындағы көрсеткіштен 1,5% артық);
- Toyota RAV4 – 836,26 мың сатылым (+13,7%);
- Ford F-Series – 733,75 мың сатылым (-1,3%);
- Honda CR-V – 601,37 мың сатылым (+5,9%);
- Chevrolet Silverado – 525,19 мың сатылым (-0,5%);
- Hyundai Tucson – 497,6 мың сатылым (-2,4%);
- Toyota Camry – 474,97 мың сатылым (-8,9%);
- Kia Sportage – 448,69 мың сатылым (+4,9%);
- BYD SONG – 442,28 мың сатылым (+42,2%).
Айта кетсек, Toyota Corolla сатылым деңгейі бойынша алғаш рет рейтингте көш бастап тұр. Бұған дейін тізімнің алғашқы орнында Tesla Model Y болған.
Сондай-ақ тізімге алғаш рет қытайлық BYD SONG қосылды. Оның сатылымы бірден 42 пайыз өскен. Осылайша, BYD SONG алғашқы ондыққа енген бірінші қытайлық көлік болып отыр.