Ақбота-Нұр Сейтмағамбет өзіне 7 млн теңгеге «сыйлық» жасады
instagram.com/akbotanurabaykyzy
bai-bol.kz | 27 қараша, 2024
Ол дүкенге барған сәтінен фото жариялап, қуанышын оқырманымен бөлісті
Әнші, актриса Ақбота-Нұр Сейтмағамбет Instagram-дағы парақшасында өзіне жасаған қымбат сыйлығын көпшілікке көрсетті.
Бұл ретте ол өзі көптен бері қалап жүрген Cartier брендінен сағат сатып алған. Бағасы – 7 млн теңге.
Әнші, актриса дүкенге барған сәтінен фото жариялап, қуанышын оқырманымен бөлісті. Сондай-ақ ол философиялық мағынаға негізделген жазбасымен де ел талқысына түсті.
Нағыз өзін-өзі құрметтеу – барлық адамға ұнауға тырысу емес, өзіңіздің шынайы болмысыңызға адал болу, – деп жазды Ақбота-Нұр Сейтмағамбет.