«Маскадағы адам» африкалықтарға мешіт пен мектеп салып, құдық қазып берді (ВИДЕО)
Сомалиде, Байдоада, BARWAAQO IDP шатырлы лагерінде болған
Қазақстанда мұқтаж адамдарға көмек көрсетіп, қайырымдылықпен айналысып жүрген маскадағы жігіт Афикада мешіт пен мектеп салып, құдық қазды.
Бұл ақпарат оның Instgram-дағы Chelovekvmaske аккаунтында жарияланды.
Аты-жөнін атамайтын, жүзін көрсетпейтін қайырымды жанның көптеген қазақстандықтарға қол ұшын созғаны мәлім. Енді ол Африка тұрғындарына да көмектесуге шешім қабылдапты.
Алла Тағаланың қалауымен біз Сомалиде, Байдоада, BARWAAQO IDP шатырлы лагерінде мектеп, мешіт және құдық салдық. Umitorganization ұйымына ұйымдастыру қызметі үшін рахмет, - деп жазды ол желідегі парақшасына.
Ал желі қолданушылары оған қолдау білдіріп, бұл ісін жоғары бағалап отыр.
Біздің Үкіметте Сіз сияқты кем дегенде бір адам пайда болса ғой», «Қайырымдылық ұлт таңдамайды», «Әрбір қазаққа бұйырсын, осындай амал жасау!» дегендей игі тілектерін жарыса жазысты жұрт.