«Аппақ қар» әнінің авторы «петакта» қара жұмысқа жалданады
Екі адам болса, 30 мыңды 15 мыңнан бөліп аласың, - дейді ол
Бірнеше жыл бұрын жарыққа шыққан «Аппақ қар» әнінің авторы қара жұмысқа жегіліп жүр. «Мұнарлан» тобы орындаған туындыны жазған Байділдә Әбділдаевтың тағдыры туралы «Астарлы ақиқат» бағдарламасы сөз қозғады.
Байділдә Әбділдаев кейінгі 15 жылда қара жұмыстың түр-түрін істеп көрген. «Мұнарлан» тобының бағын ашқан туындының авторы кейде «Алтын орда» базарының маңындағы «петакта» тұрып, адал еңбекпен ақша табуға арланбайды.
Сазгер қазір шығармашылыққа қайта бет бұрып жатқан көрінеді. Айтуынша, оның туындылары қазір TikTok желісінде де жақсы қаралым жинап жүр.
Осы тұста Байділдә Әбділдаев «Аппақ қар» әнінің тарихын да айта кетті.
Еске сала кетсек, бұған дейін «Аспанға қараймын» әні авторының такси жүргізіп жүргенін жазған болатынбыз.