Хиджабтағы әйел қалыңмалды 10 млн теңгеге көтеруді ұсынды (ВИДЕО)
1-1,5 млн беріп құтыла салады. Мен оған өте қарсымын, - дейді ол
ТікТок-тың Гүлжан есімді қолданушысы қазақ қыздарының қалыңмалын 10 млн теңгеге көтеру керек деп отыр. Айтуынша, қазір қаракөздеріміздің құны Toyota Camry көлігінен де түсіп кеткен.
Қазақтарға қалыңмалдың бағасын 10 миллионға көтеру керек. Неге дейсіз ғой? Себебі қазір қазақ қыздарының құны «Камриден» де түсіп кетті. 1-1,5 млн беріп құтыла салады. Мен оған өте қарсымын. Бұл жерде саудаласып немесе қызды сатып жатқан жоқпын. Бұл жерде қазақ қызының, өзіміздің салт-дәстүріміздің құндылығын қайтадан жаңғыртып, көтеру керек деп ойлаймын, - дейді белсенді.
Оның пікірінше, қалыңмалдың аз болуы ажырасудың белең алуына себепші көрінеді.
Мысалға, түріктерде қыз алу үшін пәленбей келі алтын береді. Бірақ ол жақта ажырасу деген жоқ. Ал біз бүкіл дүниежүзі бойынша ажырасу жағынан шамамен бірінші орынды алып тұр екенбіз. Себебі осындай құнсыздану кесірінен сондай дүниелер болады. Егер біз бір қызды алу үшін 10 млн беретін болсақ, екі жақтың да бір-біріне деген қарым-қатынасы басқаша, қыз баланың алдында жігіттің деңгейі, абыройы жоғары болады, - дейді ол.
Алайда бұл пікір желі қолданушыларының көбіне жақпай қалды. Олар отбасылық бақыт ешбір ақшамен өлшенбейтінін алға тартты.