Енді банк пен микроқаржы ұйымы борышкерге 3 реттен көп хабарласа алмайды

Енді банк пен микроқаржы ұйымы борышкерге 3 реттен көп хабарласа алмайды YouTube
bai-bol.kz bai-bol.kz | 7 қыркүйек, 2024

Туыстары мен жақындарынан борышкердің тек тұрғылықты жерін немесе байланыс телефонын сұрауға болады

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі ұсынған жаңа ереже бойынша микроқаржылық ұйымдар қарыз алған борышкерлерге күніне 3 реттен артық хабарласа алмайды. Құжат «Ашық НҚА» порталында жарияланды.

Жоспарланып отырған түзетулер мерзімі өткен несие берешегі туралы ескертіп отыратын банк қызметкерлерінің қарыз алушыға қоңырау шалу тәртібін реттейді.

Қаулы жобасына сәйкес, қарыз алушыларға қоңырау шалу былайша шектеледі:

  • Жұмыс күндері сағат 8:00-ден 21:00-ге дейін, үш реттен көп емес;
  • Демалыс және мереке күндері сағат 9:00-ден 9:00-ге дейін, екі реттен көп емес.

Микроқаржы ұйымдары, банк қызметкерлері және коллекторлар аптасына 3 рет қана қарыз алушылардың тұрғылықты мекен жайында және микроқаржылық ұйымдар кеңсесінде кездесе алады. Кездесу күніне бір реттен жиі емес, уақыты сағат 8:00-ден 21:00-ге дейін шектеледі.

Борышкердің туыстары мен жақындарынан қарыз алушының тек тұрғылықты жерін немесе байланыс телефоны туралы сұрауға болады. Олармен сөйлескен кезде қарыздың сомасы, сипаты немесе себептері туралы айтып, оларды жаңылыстыруға, сондай-ақ олардың ар-намысына, қадір-қасиетіне немесе іскерлік беделіне нұқсан келтіретін ақпаратты таратуға тыйым салынады.