Enbek платформасына жаңадан 44 тегін курс қосылды

Enbek платформасына жаңадан 44 тегін курс қосылды gov.kz
bai-bol.kz bai-bol.kz | 4 шілде, 2024

Әр курстың ұзақтығы 36 сағаттан асады

Биыл жыл басынан бастап Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қолдауымен Skills Enbek платформасында қазақ және орыс тілдеріндегі тегін курстардың мазмұны кеңейтілді.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, әртүрлі қызмет салалары мен дағдылары бойынша барлығы 44 жаңа курс қосылған. Әр курстың ұзақтығы 36 сағаттан асады. Онлайн оқыту белгілі бір кәсіптік салада белгілі бір дағдыларды немесе қосымша құзыреттерді алуға мүмкіндік береді.

Осылайша, құрылыс және өндіріс саласында «Жылу желілерінің жабдықтарына, құбырлары мен арматураларына қызмет көрсету және жөндеу», «Сумен жабдықтау және су бұру желілері мен құрылыстарын пайдалану», «Апаттық-қалпына келтіру жұмыстарының слесары», «Дәнекерлеу өндірісінің негіздері», «Токарлық өңдеу негіздері» сияқты курстар қосылды.

Жеке қызметтер мен тамақтану бойынша қосымша курстар пайда болды. Оның ішінде «Тігуді басынан бастап үйреніңіз!», «Қызмет көрсету саласындағы әкімші», «Шаштараз өнері», «Аспаз», «Наубайхана негіздері», «Кондитерлік шеберхана», «Мүгедектігі бар адамдарға күтім жасайтын қызметкер» курсы бар.

Сондай-ақ «Тиімді коммуникациялар және командалық жұмыс», «Сыни ойлау негіздері», «Уақытты басқару және басымдық беру», «Дизайн ойлау», «Бизнес-процестерді басқару», «Бизнестегі коммуникация мәдениеті», «Agile принципі бойынша жобаларды басқару», «Маркетингтік талдау (консалтинг)», «Microsoft Office-пен жұмыс» және «Экологиялық ойлау дағдыларын қалыптастыру» сияқты әр мамандық үшін бірдей маңызды «икемді» дағдыларға бағытталған курстар іске қосылған.

Курстан өткенін растайтын сертификат Enbek.kz жұмысқа орналастыру порталында алынған барлық дағдыларды көрсете отырып, түйіндемеде автоматты түрде көрсетіледі.

Курстар Google Play және App Store-дан жүктеп алуға болатын Enbek мобильді қосымшасында қолжетімді.

Еске сала кетсек, Skills Enbek платформасы – Яндекс Қазақстан, Astana Hub, Courstore, Fluent Education және т.б. жетекші білім беру алаңдарымен интеграцияның арқасында курстардың үлкен таңдауы бар дайын орын.