Бұқара

Елімізде құрбандыққа бір күнде 20 мыңнан астам мал шалынған

62 561 отбасы мен 136 мекемеге ет таратылды

Құрбан айттың алғашқы күні республика көлемінде жалпы саны 20 236 мал шалынса, 1 788 тапсырыс qurban2024.kz сайты арқылы берілген, деп хабарлады мүфтият.

Оның ішінде: қой – 17 327, ешкі – 1 597, ірі қара – 1 307, түйе – 5.

Ел бойынша 62 561 отбасыға, 136 мекемеге құрбандық еті таратылды.

Еске сала кетсек, онлайн форматта құрбан шалуға qurban2024.kz сайты арқылы тапсырыс беру 18 маусымға дейін жалғасады.