Шымкенттік азамат 1,7 млрд теңге заңсыз пайдаға кенелген
Unsplash
bai-bol.kz | 16 маусым, 2024
Ол – криптовалюталарды лицензиясыз айырбастаудың шебері
Шымкентте қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соттың үкімімен заңсыз кәсіпкерлік қызметін іске асырған қала тұрғыны 2 жылға бас бостандығынан айырылды.
Сот талқылауы барысында оның Binance платформасында цифрлық активтерді (криптовалюталар) лицензиясыз айырбастау қызметін көрсеткені анықталды. 5 жыл ішінде ол 1,7 млрд теңгеден астам заңсыз табыс тапқан, – делінген прокуратура хабарламасында.
Қала прокуратурасы Шымкент қаласының тұрғындарына цифрлық активтерді айырбастау бойынша заңсыз кәсіпкерлік қызметті іске асырғаны үшін қылмыстық жауапкершілік көзделгені туралы ескертеді.